Ашық есік күні

12 наурыз күні Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінде 9 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті. Бұл іс-шараға Семей қаласының №43 орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.
«Ашық есік» күнін ұйымдастыру мақсаты — Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжіне талапкерлерді оқуға шақыру. Колледж оқытушылары болашақ талапкерлерге колледж тарихымен, мамандықтармен, колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат берді. Колледждің 1-3 курсында оқып жүрген студенттер оқушыларға өздерінің мамандықтары, студенттік өмірді және қоғамдық өмірге белсене араласатыны жайлы айтты. Оқушылар колледждегі мамандықтар бойынша толық ақпарат алып, сонымен қатар колледж туралы бейнебаян көрді.