Білім беру бағдарламалары

Колледж күндізгі, сырттай оқу түрлері бойынша жеті білім бағдарламасын жүзеге асырады, олардың мазмұны колледж миссиясына сәйкес келеді және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жауап береді.

Ұлттық білім беру жүйесін дамыту, өңірдің индустриялық дамуы, Колледждің бәсекеге қабілеттілік деңгейі мен айрықша ерекшеліктерді ескере отырып, ЖГЗжТК білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және қызметтің келесі басым бағыттарын анықтады:

  1. Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау;
  2. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Колледждің болашақ құжаттары негізінде аккредиттелетін білім беру бағдарламаларын дамытудың негізгі мақсаттары мен стратегиялық бағыттары анықталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары негізінде іске асырылады.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: еңбек нарығының талаптарына сәйкес қазіргі қоғамның кәсіби-сапалы, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарын дайындау.

1206000 «Жол қозғалысын ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің типтік оқу жоспары негізінде іске асырылады

Білім беру бағдарламасының мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Жол қозғалысын ұйымдастыру саласында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы №384 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады

Білім беру бағдарламасының мақсаты – жедел өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуге қабілетті жасанды интеллектті қолдана отырып, IT-технологиялар және өндіріс саласында ҚР индустриалды-инновациялық дамуын кадрлық қамтамасыз ету үшін еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

0514000  «Бағалау»  білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары негізінде іске асырылады.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты мүлік құнын бағалау саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін бағалау қызметі саласында білім мен практикалық дағдыларды қамтамасыз ету болып табылады.

0510000 «Іс жүргізу және мұрағаттану» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.