«Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі» мекемесі 2019 ж.14-17 мамыр аралығында Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығының (KazSEE) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттары бойынша халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтті.
Мамандандырылған аккредиттеу 5 (бес) білім беру бағдарламасы бойынша өткізілді:
- 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» біліктілігі 1304043 «Техник программист».
- 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалар және қолдану аясы бойынша)» біліктілігі 0510023 «Іс қағаздарын жүргізуші»; 0510033 «Мұрағатшы».
- 0201000 «Құқықтану» 0201023 «Заң кеңесшісі»
- 1206000 «Жол қозғалысын ұйымдастыру» біліктілігі 1206012 «Жол инспекторы», 1206023 «Техник»
- 0514000 «Бағалау (салалар және қолдану аясы бойынша)» біліктілігі 0514013 «Бағалаушы-техник»
12.06.2019 ж. KazSEE Аккредиттеу Кеңесі институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде “Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледж” мекемесін 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім шығарды:
- Институционалдық аккредиттеу туралы куәлік №1920 КЕ 0033 12.06 2019 ж., куәліктің қолданылу мерзімі 12.06.2019 ж. -12.06.2024 ж.;
- Мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік №1920 КЕ 0034, 0035, 0037, 0038, 0039 2019 ж. 12 маусым, куәліктің қолданылу мерзімі 12.06.2019 ж. – 12.06.2024 ж.