Кадрлық қамтамасыз ету

«Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі» мекемесі әлеуетінің маңызды құрамдас бөлігі оның кадрлық құрамы болып табылады.

Колледжде педагогикалық процесті 29 оқытушы жүзеге асырады, оның ішінде 18 адам штаттық; 7 қоса атқарушылар болып табылады. Штаттық оқытушылардың үлесі 72 % құрайды. Оқытушылар қатарында 5 магистр, 6 жоғары санатты оқытушы, 8 бірінші санатты оқытушы бар, бұл оқытушылардың сапалық құрамының 56% құрайды. Қазіргі уақытта екі оқытушы магистратурада оқиды.

Колледждің кадр қызметінің жұмысы:

  • персоналға қажеттілікті анықтау;
  • қызметкерлерді іздеу және іріктеу;
  • жұмысқа қабылдау тәртібі;
  • жаңа қызметкерлерді бейімдеу тәртібі;
  • еңбек шартын бұзу / тоқтату тәртібі;
  • кадрлық іс жүргізу құжаттарын жүргізу.