Қабылдау ережесі

1.Жалпы ережелер

1.1 Осы қабылдау қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №288 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына, «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленді, министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген.

1.2 Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

1.3. Колледжге оқуға түсу кезінде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан қабылдау квотасы көзделеді:

  1. I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарынан шыққан азаматтар -1 пайыз
  2. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың -0,5 пайыз;
  3. ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға-30 пайыз;
  4. ұлты қазақ азаматтардың, бірақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын – 2 пайыз;
  5. жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе айырылған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу-1 пайыз;
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары арасынан шыққан азаматтардың үлесі-10 пайыз.

1.4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледж белгілейді.

Оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және келісім шарт (ақылы) негізінде келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:

  • 0201000 «Құқықтану»
  • 0510000 «Іс жүргізу және мұрағаттану»
  • 0514000 «Бағалау»
  • 0515000 «Менеджмент»
  • 0518000 «Есеп және аудит»
  • 1206000 «Жол қозғалысын ұйымдастыру»
  • 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”»
  1. Қабылдауды ұйымдастыру

2.1 Азаматтардың оқуға өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру, қабылдау емтихандарын жүргізу және оқушылар құрамына қабылдау үшін колледжде қабылдау комиссиясы құрылды, ол өз жұмысын 1 наурыздан бастап бастады.

2.2. Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу түріне 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, кешкі және сырттай оқу түріне 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.

Оқуға түсушілер колледжге оқуға қабылдау туралы өтінішке білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы флюрография суретімен қоса (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретті қоса береді.

Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі, ата-анасы немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:

  • шетелдік — шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
  • азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  • босқын – босқын куәлігі;
  • пана іздеген тұлға – пана іздеген адамның куәлігі;
  • оралман – оралман куәлігі.

Оқуға түсушілердің өтініштері колледжді тіркеу журналдарында оқу нысандары бойынша тіркеледі.

2.3 Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдардың түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын (Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру түлектері) ұсынған азаматтар түсу емтихандарынан босатылады және 3.2-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

2.4. Күндізгі оқу бөліміне түсу емтихандары 1 тамыздан 28 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін өткізіледі.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары:

  • жалпы орта білім үш пән бойынша (Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
  • негізгі орта білім — Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
  • мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
  • мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім әңгімелесу нысанында өткізіледі.

2.5. Қабылдау емтихандарының түрі: тестілеу. Колледжге түсушілер қазақ және орыс тілдерінде түсу емтихандарын тапсыруға құқылы.

2.6. Өткен жылдардың түлектері мен ҰБТ нәтижелері жоқ ағымдағы жылдың түлектері үшін түсу емтихандары кешенді тестілеу нысанында өткізіледі. Бейіндік пән сәйкес келмеген жағдайда колледж осы пән бойынша тестілеу өткізуге құқылы.

2.7. Қабылдау емтихандарын өткізу кезінде:

– тестілеу түрінде – әр пән бойынша тест тапсырмаларының (сұрақтардың) саны 25 болып белгіленеді. Әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. Тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптар Коды тестілеу аяқталғаннан кейін бірден ілінеді. Тестілеу нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

Бағалау “3”, “4”, “5” нәтижелері бойынша алынған пәндер бойынша қабылдау емтихандарын қабылдау комиссиясы келесі шкала бойынша балға ауыстырады: “3”- 8 балл, “4”-17 балл, “5”- 25 балл.

2.8. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және пәндер бойынша емтихандардың тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, колледжде түсетін құқықтарды қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады. Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтиханының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға құқылы.

Апелляциялық комиссияның құрамына апелляциялық комиссияның төрағасы, хатшысы, мүшелері кіреді.

Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін апелляциялық комиссияға беріледі және апелляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен Бір күн ішінде қарайды.

Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының шешуші дауыс беруге құқығы бар. Комиссияның жұмысы хаттамалармен ресімделеді, оған төраға және Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

Пәндер бойынша тестілеуді немесе түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  1. Білім алушылар құрамына қабылдау

3.1.Азаматтарды білім алушылар құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, сырттай оқу нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында негізгі орта немесе жалпы орта білім беру туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағаларды, әңгімелесу нәтижелерін ескере отырып жүргізіледі. Іріктеу шарттарын Колледж анықтайды.

3.2. Конкурс өткізіледі:

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі-ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттардың балдары негізінде;

Жоғары оқу орнына түсушілер үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;

Пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша немесе оқу орны өткізген тестілеу нысанында алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Ереженің 12-тармағына сәйкес ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннен балл сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға жіберілмейді:

  1. құқық, экономика мамандықтары бойынша негізгі жалпы білімі бар екі пәннен 20 балдан кем;
  2. жалпы орта білімі бар үш пәннен 30 балдан кем, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 балдан кем.

3.3. Көрсеткіштер бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басымдыққа ие (растайтын құжаттар болған жағдайда): жетім балалар мен ата — анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес оқу орындарында оқуға болмайтын I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар азаматтар.

3.4. Оқу орнына қабылдау Қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар, бөлімдер, оқыту тілдері бойынша жеке жүргізіледі.

3.5. Колледж ШҚО білім басқармасына белгіленген нысандар мен мерзімдерге сәйкес 2018ж. білім алушыларды қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша мәтіндік есеп.

3.6. Осы Ережемен реттелмеген мәселелерді колледждің қабылдау комиссиясы өз бетінше шешеді.

Мекеме мамандықтары

Оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және келісім шарт (ақылы) негізінде келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі

0201000 «Құқықтану»

Біліктілігі:
0201023 «Заң кеңесшісі»

Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай

Бейіндік пән атауы:
9 сынып негізінде – Құқық негіздері, қазақ тілі (орыс тілі)
11 сынып негізінде – Дүниежүзі тарихы

ПОДРОБНЕЕ

1206000 «Жол қозғалысын ұйымдастыру»

Біліктілігі:
1206012 «Жол инспекторы»
1206023 «Техник»

Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай
11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

Бейіндік пән атауы:
9 сынып негізінде – Математика. Қазақ (орыс) тілі
11 сынып негізінде – Математика

ПОДРОБНЕЕ

0514000 «Бағалау» (салалар және қолдану аясы бойынша)

Біліктілігі:
0514013 «Техник-бағалаушы»

Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай
11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

Бейіндік пән атауы:
9 сынып негізінде – Математика, Қазақ (орыс) тілі
11 сынып негізінде – Математика

ПОДРОБНЕЕ

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (түрлері бойынша)

Біліктілігі:
1304043 «Техник-бағдарламашы»

Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай
11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

Бейіндік пән атауы:
9 сынып негізінде – Математика, Қазақ (орыс) тілі
11 сынып негізінде – Математика, Қазақ (орыс) тілі

ПОДРОБНЕЕ

0510000 «Іс жүргізу және мұрағаттану» (салалар және қолдану аясы бойынша)

Біліктілігі:
0515023 «Іс жүргізуші»
0510033 «Архивариус»

Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай

Бейіндік пән атауы:
9 сынып негізінде – Қазақ немесе орыс тілі
11 сынып негізінде – Әдебиет (оқыту тілі бойынша)

ПОДРОБНЕЕ

0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша)

Біліктілігі:
0815013 «Менеджер»

Оқу мерзімі:
9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай

Бейіндік пән атауы:
9 сынып негізінде – Математика, Қазақ (орыс) тілі
11 сынып негізінде – Математика

ПОДРОБНЕЕ

0515000 «Менеджмент» (по отраслям и областям применения)

Квалификация:
0815013 «Менеджер»

Срок обучения:
на базе 9 кл.- 2 года 10 мес
на базе 11 кл.- 1 год 10 мес

Профильные предметы:
на базе 9 классов – Математика, Казахский (русский) язык
на базе 11 классов – Математика

ПОДРОБНЕЕ