16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналған. Бұл күні ел аумағында қазақстандық авторлар, суретшілер, мүсіншілер туындыларының тұсаукесерлері ұйымдастырылады.
Қазақ мәдениетінің түп негізі гуманистік идеялардан туындайтын болғандықтан, ол қоғамды жалпыадамзаттық құндылықтар аясында біріктіруші күш бола алады.