Колледжде «Кәсіптік бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлімі» құрылымдық бөлімшесі құрылды. Бөлім облыстық, қалалық және аудандық кәсіпорындардың басшыларымен бірлесе отырып, түлектерге жұмысқа орналасу кезінде әлеуметтік қолдау көрсетеді. Түлектердің жұмысқа орналасудағы бәсекеге қабілеттілігі олардың кәсіби дайындығына, жалпы білім деңгейіне байланысты. Бұл үрдіс өзекті болып отыр, себебі талапкерлер бірінші кезекте біздің түлектер қаншалықты табысты жұмысқа орналасатынына қызығушылық танытады. Осыған байланысты колледждің басты міндеттерінің бірі кәсіпорындармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық арқылы түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады.
Колледж түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қолданыстағы ББ негізінде маман дайындау сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Колледжде жұмысқа орналастыру процесіне тұрақты мониторинг жүргізіледі, бұл кәсіпорындардың мамандарға қажеттілігін және олардың дайындық сапасына қанағаттануын бағалауға мүмкіндік береді. Мониторинг статистикалық деректерге және түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ай сайынғы есептерге сүйене отырып әзірленеді. Түлектер үшін сауалнама әзірленді. Әр ай сайын “бітіруші” базасы толтырылады, оған түлектер туралы барлық қажетті мәліметтер енгізіледі. Әскери комиссариатқа сұрау салу арқылы қарулы күштер қатарына шақырылған түлектер туралы ақпарат жиналады. Кәсіптік бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлімі қала және облыс университеттерінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырады. Кәсіпкерлер палатасының ШҚ филиалымен және еңбек нарығын талдау және болжау орталығымен бірлесе отырып, колледж түлектерге жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізеді, бұл ретте жеке тұлғаның ерекшеліктері мен еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуал ескеріледі. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» және «Мен маманмын» тақырыбында бітіруші топтар үшін сынып сағаттары өткізілді. Колледждің оқу үрдісіне бітіруші топ оқушыларына арналған факультативтік курс енгізілген: «Кәсіпкерлік қызмет негіздері». Курс бағдарламасы өз ісін ашу рәсімі туралы ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар, «Акмеология» факультативі енгізілген, онда білім алушылар түйіндемені, портфолионды рәсімдеуді, кәсіпорында әңгімелесуден өту негіздерін үйренеді.
Колледж қаланың жұмыспен қамту орталығымен белсенді жұмыс істейді. Осы ынтымақтастық аясында колледж түлектері жастар практикасынан өтеді,олардың көпшілігі практика аяқталғаннан кейін жұмыс орындарында бекітіледі. Көптеген білім алушылар үшін өндірістік тәжірибеден өту орны кейіннен колледжді бітіргеннен кейін олардың жұмыс орнына айналады.
Бітірушілерді жұмысқа орналастыру мониторингі ай сайынғы есептердің көмегімен жүзеге асырылады. Жұмысқа орналасу динамикасы кестеде көрсетілген.