«Семей гуманитарлық-заң колледжі» білім беру мекемесі 2003 жылы мемлекеттік емес оқу орны құрылды. 2016 жылы «Семей гуманитарлық-заң колледжі» мекемесі «Семей гуманитарлық – заң және техникалық колледжі» мекемесі болып өзгертілді. 2019 ж.27.02.2019 ж. №17 бұйрығымен «Семей гуманитарлық-заң және техникалық колледжі» мекемесі атауын «Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі» мекемесі болып өзгертілді. Колледжде мамандарды дайындау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: 0201000 «Құқықтану»; 0510000 «Іс жүргізу және мұрағаттану (салалар және қолдану аясы бойынша)»; 0514000 «Бағалау (салалар және қолдану аясы бойынша)»; 0515000 «Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)»; 0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)»; 1206000 «Жол қозғалысын ұйымдастыру»; 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)».
«Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі» мекемесі 05.03.2019 ж. № KZ59LA00014465 сериялы орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға Мемлекеттік лицензиясы бар.
Колледж мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және келісім шарт негізінде мамандар даярлауды жүзеге асырады. Негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде колледжде оқу; жалпы орта білім негізінде сырттай оқу.
Колледжде ұйымдастыру құрылымы жұмыс істейді (Қосымша 1).
Колледж қызметі кәсіптік білім алу үшін жағдай жасау мақсатында мемлекеттік оқу формасы негізінде зияткерлік, жоғары кәсіби, мәдени, төзімді тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады.
Білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және кадрлық әлеуетті нығайту үшін колледж басшылығы жаңа ғылыми білімді және оқытудың қазіргі инновациялық әдістерін меңгеру арқылы педагогикалық кадрларды даярлау сапасын үнемі арттыру саясатын ұстанады.
Колледж инфрақұрылымы әкімшілік, оқу кабинеттерімен, қосалқы бөлмелермен ұсынылған.
Жетістіктер қатарына Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледждің Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң Инновациялық университетімен ынтымақтастығы жатады. Колледж ұжымы қаланың мәдени-ағартушылық орталықтарымен, қалалық мұражайлармен: Абай атындағы өлкетану, әдеби-мемориалдық кешендермен, Достоевский мұражайымен, Абай атындағы кітапханамен, халықтар достығы Ассамблеясымен, жастар және балалар ұйымдары қауымдастығымен тығыз байланыста.
Колледж директоры Серғазинов Болат Рамазанұлы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.